Ауданның ахуалымен танысты

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова Қарасу ауданына жұмыс сапарымен барды. Бақыт Амангелдіқызы Қарасудағы ауылшаруашылық колледжінде болды. Оқу орнының директоры Марина Носаченкомен кездесу барысында колледждің ахуалына қатысты проблемалық мәселелер талқыланды.
Өңір басшысының орынбасары сондай-ақ, 320 орындық мемлекеттік тілде оқытылатын Қарасу білім беру мектебінің құрылыс барысымен танысты. Жобаның жалпы сметалық құны 1 млрд 285,9 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс аяқталған, мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс сапарының соңында Железнодорожное ауылындағы «Триумф» спорттық-сауықтыру кешеніне бас сұқты. Естеріңізге сала кетейік, көпфункционалды спорт кешені «Железнодорожное — АМФ» ЖШС директоры Максим Артемуктің бастамасымен және қаржылық қолдауымен салынған болатын.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓