Сібір жарасы: салдары жойылды

Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Приречное ауылындағы «Алтай»  ЖШС ірі қара малынан 2021 жылдың 30 маусым күні ПТР әдісімен диагностикалық зерттеу нәтижесінде алынған сараптама сібір жарасының қоздырғышы барын анықтады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы ресми ақпарат таратып отыр.
«Ветеринария басқармасының басшылығы және бақылауымен Денисов ауданының ветеринариялық станциясы тарапынан індет ошағынан аурудың таралуын болдырмау мақсатында дер кезінде қажетті шаралар қолданылды.  Арнайы инсинераторларда өлекселерді өртеу, малдарды қамайтын орындар мен өлген жерлерге дезинфекция жұмыстары жүргізілді. 2021 жылдың 03 шілдесінен бастап індет ошағында облыстық және аудандық ветеринариялық инспекцияның бақылауымен «Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың» Қостанай филиалы індетті жоюдың барлық іс-шараларын атқаруда. Бүгінгі таңда, Денисов ауданы әкімдігі мен «Алтай» ЖШС күшімен барлық 4 мал базасы мен маңайындағы аумақтарда механикалық тазарту, қабырғаларды, азық кертелерін ақтау жұмыстары аяқталды», — делінген хабарламада.
Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың күшімен мал базаларына, албарлар мен жазғы мал қамау орындарына, малдардың өлген орындарына  2 рет дезинфекция жүргізіліпті. Індет ошағын жоюдың барлық іс-шаралары РЭО күшімен толық атқарылған (сібір жарасына қарсы мәжбүрлі вакцина егу, инсинераторларда өлекселерді өртеу, дезинфекция).
«Денисов ауданының басқа елді мекендерінде, жалпы Қостанай облысының аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты. 2021 жылдың  12 шілдесінен бастап індет ошағында малдардың арасында өлім-жітім тіркелген жоқ, жағдай тұрақталды. Вакцина егілген малдар ветеринария мамандарының бақылауында, малдардың жағдайы қанағаттандырарлық. Індет жойылғаннан кейін және қортынды дезинфекция жүргізілгесін 15 күн өткесін карантин алынады», — дейді басқарма өкілдері.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓