Тәуелсіздік символы

Еліміздің Тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығына шолу жасар болсақ, Қазақстанның жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістері белесінен Елбасының ерен еңбегін анық көруге болады. Н.Назарбаев сын сағатта ел тізгінін қолына алған басшы. Оның батыл қадамдары мен кемел саяси ұстанымының арқасында еліміз табысты мемлекетке айналды. Отыз жылда халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсті. Қазақстан әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықты. Тәуелсіздік осы отыз жылмен шектелмейді. Оған жетудің тарихы, халқымыздың көрген қасіреті бір жағында тұрса, екінші жағында елдігімізді, егемендігімізді сақтап, оны келешек ұрпақ үшін нығайту ісінің тұрғаны сөзсіз. Экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, ынтымақшыл елдің даму тарихы өткен отыз жылмен шектелмесі анық. Бүгінде мемлекеттік шекарамыз берік қорғалған, өз астанамыз бар бейбіт елміз. Жүзден астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Үш тілді жетік меңгерген жас толқын шетелдік жоғары оқу орындарына түсіп, білім алуда. Жасампаз елдің білімді жастары төл астанамызда еңбек етіп, жұмыс істеп, түрлі саланың дамуына атсалысуда. Елорда – Тәуелсіздіктің символы. Елбасының астана салу жөніндегі шешімін батыл әрекетке балар едім. Өйткені, Қазақстанның солтүстік облыстарының бізге тиесілігіне күмән келтірген кездер болды. Мұндай сыпсың сөздер Астана салынғаннан кейін сап тыйылды. Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуі де елдің Елбасыға деген ілтипатының белгісі дер едім.
 
Айжан БЕКМАНОВА,
«Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓