ЖЫЛТЫР, ЖЫЛТЫР…

Ұқсас мақалалар...

1 Жауап

  1. Ертеде  Байсеміз бен Тайғанақ деген екі дос болыпты.  Олар шау тарта бастаған кездерінде әңгімелері жарасқан кісілер екен. Байсеміз бай десе бай, семіз десе семіз, әйтсе де жан біткеннің залымы болыпты.Тайғанақ болса Алдар көсе секілді шағын денелі, қажет болса сөзінде бұдыры жоқ, сырғанақ мінезді,  белден басып әділеттен аттап, айлакер де бола алатын. Бір күні жайлау төсінде екі дос ауыл тірлігіне көз тастап  іс барысын сөйлесіп тұрғанда бір бәйбіше мен оның екі қызын көреді. Бәйбіше ақ сары, тұзы жеңіл кісі де, үлкен қызы қараторы, қабағы қату, байсалды, кішісі биязы, аққұба өңді. Апырай, үшеуі үш түрлі екен дейді Байеке. Сонда Тайеке: "Е-ее, бір биеден ала да құла да туады" депті. "Дүниеде сөз өткір ме, көз өткір ме" дейді, апсағай денелі атамыз.Сірә сөз өткір.-Еее, мұны қазір көреміз. Бурыл басты, қара қасты зор кісі қабағын түйіп, көздерін қадап қарап қалғанда анадай жерде кетіп бара жатқан бәйбіше мұрттай ұшып қолының білезігін зақымдап алады. Тоба, тоба… Сөзде құдірет, күш бар. Міне соның салдарын қарашы. Егер сен, Байсеміз, не күшті деп сөз бастамасаң анау кемпірге көз тимес еді. Сірә сөз де көз де күшті болса керек" деп түйген екен. Иә, телефон, компьютер, хат  т.с.с құпиялылығы құқығы да көз бен сөзден сақтану үшін қажет. Себебі періште мен сайтанның арбасуы бар. Ал зұлым күш иелері үнемі құқықты белден басып, оқып, тыңдап, жорып, пендені аздырары аян.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

↓