«Туған өлкем – жұмақ мекен»

Бүгін осындай атаумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған авторлық әндердің облыстық онлайн байқауы басталды.
"Байқаудың мақсаты – жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, жаңа есімдерді анықтау, әншілер репертуарын патриоттық тақырыптағы жаңа әндермен толықтыру, — дейді облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының директоры Дәмер Қалқаев. — Байқауда 16-40 жас аралығындағы өнерпаздардан құрылған дуэт, трио, квартет, квинтеттер бақ сынайды".
Онлайн-байқау үміткерлеріне қойылатын талап – әр ұжым таңдалған ән тақырыбына сай бейнематериал ұсынуы тиіс. Қатысушыларға музыка өнерінің қайраткерлері қазылық етеді.
Ұйымдастырушылар мәліметінше, өнер сынына облыстың әр өңірінен 9 ұжым қатысып жатыр. Атап айтқанда, Қостанай қаласынан Қанат-Әсем Ражановтар отбасылық дуэті, Қостанай ауданынан "Шабыт" тобы, Арқалық қаласынан Кәдірхановтар отбасылық дуэті және Айбол Оңдағанов пен Самал Бекмағамбетова дуэті, Амангелді ауданынан Нұрсұлтан Ещанов пен Айгерім Мұхамбетова, Жангелдин ауданынан Жаңажыл Кемелтаева мен Фариза Бүркітбай, Меңдіқара ауданынан Ольга Климонтова мен Светлана Андреева, Әулиекөл ауданынан Шыңғысовтар отбасылық дуэті және Алтынсарин ауданынығ вокалдық тобы бақ сынасуда. Жеңімпаздардың есімі 25 маусым күні анықталып, марапаттау рәсімі өтеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓