ҚТ Зерттеу орталығы

     2014-жылы Облыстық "Қостанай таңы" газеті редакциясы жанынан облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен социологиялық зерттеу орталығы құрылды.
     Бұл орталықтың басты  мақсаты қоғамдағы  өзекті құбылыстар мен процестерді эмпирикалық тұрғыда зерттеп, дәлелді фактілерді талдап, соның негізінде ғылыми қорытындылар жасау.
     Түрлі  әлеуметттік мәселелерге байланысты қоғам мүшелерінің пікірлерін жүйелі түрде зерттеп отыру — қоғамның демократиялық дамуы  мен саяси мәдениетінің даму дәрежесінің  көрсеткіші  болып  табылады. Сол себепті  өркениетті  елдерде  билік органдары  қоғамдық  пікірді  зерттеуге үлкен  мән  береді.
     Ткаченко Анжелика Афанасьевна басшылық ететін орталықта 6 адам жұмыс жасайды. Қызмет барысында әлеуметтанушылар нақты социологиялық зерттеудің бірнеше түрлерімен, атап айтсақ: Зерттелетін проблемаға байланысты жедел түрде ақпарат алу арқылы жасалатын пилотаждық  зерттеумен, экспресс сауалнама жүргізумен, зерттелетін құбылыс туралы тұтас мағлұмат беретін эмпирикалық ақпараталуға болатын сипаттамалық немесе дискриптивтік зерттеумен, социологиялық мониторингтер жүргізу және аналитикалық талдау жасаумен айналысады.
 
↓