Бадаққызы Гүлназым Сағитова

IMG_3342

 

 

 Бадаққызы Гүлназым Сағитова

 Лауазымы: Tілші

 Жұмыс телефоны: 54-28-42

 

 

 

 

Арман  қуған арманмен 1980 жылы Алматы қаласындағы С. Киров қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 1985 жылы бітіріп, жолдамамен  өзім жақсы көретін, әке-шешем  шығармаларын тығып оқыған Би-ағаның елі  Қостанай өлкесіндегі «Қостанай таңы» газетіне келдім.

Өзім Жамбыл облысы Шу қаласының тумасымын. Ең бір есте қалар сәттер сол,

мектепте оқып жүргенен бастап өзіміздің аудандық  Жамбыл облысындағы  аудандық «Шу өңірі» мен республикалық «Қазақстан пионері»-«Ұлан» газетінің тілшісі болдым. Осы«Қазақстан пионері»- «Ұлан» газетінің жолдамасымен жас тілші ретінде Бүкілодақтық «Артек» лагерінде өткен Одақтық жас тілшілердің ІІІ слетіне қатыстым.

Студент кезімде республикалық «Социалистік Қазақстан», Алматы облыстық «Жетісу» мақаларым мен очерктерім жарық көрді.

Сонау 1985 жылдан бүгінгі күндерге дейінгі марапаттар өз алдына,  «Қостанай таңы» газетінде әр түрлі  тақырыпта жарық көрген материалдар бір төбе,  оқушы балаларға арнаған «Айналайын» беті  екінші  бір төбе.  Ал, көзімнің ағы мен қарасындай  бес балам өзгеше бір төбе.

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесімін.

↓